- «Алтылық тобының» бір мүшесі кінәсінен Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдайды реттеу жөніндегі Жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспарының орындалмауы алаңдаушылық туғызады, соның ішінде Корея халықтық-демократиялық республикасы мәселесін шешуде. «5+1» тобының бір қатысушысының кінәсінен ЖҚБІЖ орындалмауы Корея жартытүбегіндегі ядролық мәселелерді реттеу келешегімен бірге халықаралық қауіпсіздік архитектурасы үшін алаңдатарлық ахуалға айналады», - деді Сергей Лавров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісінде.
Сонымен бірге ол Иранмен ядролық мәмілені орнықты дамыту үшін Мәскеудің күш біріктіруге шақыратындығын әрі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспарының орындалуын өз жауапкершілігіне алатындығын атады.